Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қорғаныс министрі Арыс қаласына аттанды

2019 жылдың 24 маусым 2019 13:48 1128

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасы жарылған Арыс қаласына аттанып кетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев орын алған жайттың мән-жайын өзі анықтап, шаралар қабылдау  үшін оқиға орнына аттанып кетті», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгін  Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да  жарылыс болды.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

 

 

 

Жоғары қарай