Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қорғаныс министрі Талдықорған және Алматы гарнизондарына барды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 21:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талдықорған және Алматы гарнизондарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысын тексерді. Десанттық-шабуыл бригадасы мен арнайы мақсаттағы бөлімге барып, материалдық-техникалық базаның жағдайын тексерді және жауынгерлік техниканы сынауға қатысты.




Талдықорғандағы әуе базасында министрге Су-30СМ жаңа көпфункционалық жойғыш ұшақтары мен «Арлан» көп мақсатты брондалған машинасының тактикалық-техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.

Мамандандырылған бөлімдердің бірінің командирі жедел және жауынгерлік даярлық шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды баяндады.

Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев гарнизон әскери қызметшілерінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығына жоғары баға берді.








Жоғары қарай