Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Қорғаныс министрлігі парашютпен секіріп қайтыс болған әскериге қатысты түсінік берді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметшінің қаза болуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру барысында қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты », - делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, парашюттен секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізілген.

«Секіруге ауа райыда қолайлы болған. Алдынғұров 100-ден аса секіруді орындаған. Соның ішінде, күрделі, ұзаққа созылған, күндізгі және түнгі секірулер бар. Қазіргі уақытта оқиға себептері анықталуда. Әскери қызметшінің қаза болуы факті бойынша « Ауыр зардаптарға әкеп соққан қ ызмет ке салғырт қарау» ҚР ҚК -нің 453 - бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды », - деді Қорғаныс министрлігінен .


Жоғары қарай