Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік мәселелері қаралды

2019 жылдың 26 қыркүйек 2019 22:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің басшылық етуімен әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті ведомствоаралық отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңес аппаратының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында көбіне мемлекеттік әскери ұйымдардың жоспарланған кезеңде басымдылығын анықтайтын 2021-2025 жылдардағы ұлттық қауіпсіздіктің жаңка стратегияларын өңдеу, сондай-ақ ҚР ҚК-де, басқа әскер мен әскери құрылымдарда заманауи жаттығу құралдарымен қамтамасыз етуді қосқандағы материалдық-техникалық оқу базасының дамуды ұйымдастыру жұмыстарының сұрақтары қаралды.




Ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижесі бойынша, мемлекеттік органдар қызығушылық білдірген ұсыныс пен ұсынымдар қарастырылды.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес мемлекттік әскери ұйымның дамыту преспективалары мен мәселелері қаралатын отырыс жылына екі рет өткізіледі.

Жоғары қарай