Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қорғаста 150-ге жуық телефон мен дәрі-дәрмекті елге заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

2019 жылдың 13 қараша 2019 11:21

ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - «Қорғас» кеден бекетіндеҚазақстанға ақпараттық тасымалдаушылар мен гаджеттердің ірі партиясын әкелмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, тасымалдаушылар тауарын дұрыс декларацияламаған, осылайша ірі көлемдегі гаджеттер мен олардың қосалқы бұйымдарын елге әкелу фактісін жасырған. Тауар «Rapiscan» сканері арқылы тексеру барысында анықталды.

«Қорғас» кеден бекетінде «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері шекарашылармен және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, Қытайдан Қазақстанға заңсыз кіргізіліп жатқан заттарды тәркіледі. Онда «Cavallo» (16 000 дана), «Mond» (18 000 дана) және «Milano» (115 000 дана) маркалы шылымдар болған. Ұсталған темекі өнімдерінің жалпы салмағы - 103 кг, жалпы саны - 745 блок (149 000 дана).

«Сонымен қатар, салмағы 16 кг болатын, түрлі модельдегі 148 ұялы телефон қолға түсті. USB жинақтағыш «флешка» саны - 6 245 дана, жалпы салмағы - 87,43 кг. Жалпы салмағы 13,68 кг болатын 199 дана GSM модуліне микросхема табылды. 42 дана бейнетіркегіш бар. Одан бөлек,салмағы 112,5 кг болатын қытай дәрі-дәрмегі анықталды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған тауардың кедендік құны анықталып, істің мән-жайы тергелуде. Одан кейін контрабандаға қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
















Жоғары қарай