Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қорғаста иесіз жатқан «алтын инелер» табылды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 23:09

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғас шекара жасағының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 кг-ға жуық иесіз заттар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда - ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты.

Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Сондай-ақ Петропавл шекара жасағының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Бұған себеп - автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Жоғары қарай