Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан ҚР чемпионаты өтеді

2020 жылдың 26 ақпан 2020 01:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27-28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында алғаш рет голболдан Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирге 6 өңірден 40-тан аса голболшы қатысады.

Жарыс мақсаты – голболды көпшілікке таныту, командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік беру. Қазақстанда голболдан 2017 жылдан бері 3 чемпионат өтті.

Голбол – көру қабілеті нашар адамдарға арналған ойын. Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Спорт түрі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көзі көрмейтін мүгедектерді оңалту үшін ойлап табылған. Ойын алғаш рет әлемге 1976 жылы Торонтодағы Паралимпиада ойындарында таныстырылды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай