Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновқа арналған кітап жарық көрді

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада киікті қорғаймын деп браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновқа арналған «Экософия немесе киелі табиғат» атты жаңа туындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эксософия» ол экология және философия секілді екі ғылымның негізінде пайда болған. Оның негізі 1970 жылдары қаланған. Бұл ғылымның мәні тереңде жатыр. Айтар болсақ, адамдар құрып бара жатқан табиғи байлықтар мен аң-құс, жан-жануарларды қорғау үшін заңды күшейтіп, жойылып бара жатқан тіршілік иелерін Қызыл кітапқа енгізіп қорғауда. Бірақ соған қарамастан оларды жойғысы келетіндердің саны азаймай келеді. Осы орайда экософия ғылымымен айналысатын ғалымдар зерттей келе бірнәрсені ұғады. Адамдар киелі жерлер мен киесі бар тіршілік иелеріне келгенде жанашырлық немесе аяқ тартады. Себебі, адамның санасында «кие» деген ұғым жайдан жай қалыптаспаған. Бұл ғылым алғаш рет Таиландта қолға алынған. Себебі ондағы маймылдар мен пілдердің жойылуына қауіп төнген. Қазақстанда бұл ғылымға енді мән беріліп жатыр. Бірақ сіз білетіндей бұл ғылым бізге бөтен емес. Өйткені, өзіңіз бізде де киелі жан-жануарлар мен аң-құстар бар», - деді «Отбасы хрестоматиясы» қорының сарапшысы, психолог Сейілбек Мырзабаев.




Кітап жазудағы идея авторы - Бағдат Құдияр, жобаның авторы - Санжар Керімбай және негізгі авторлар - Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби және Сәкен Нұрқабекұлы. Және авторлардың мәлімдеулерінше, кітапты жазуға 3-4 ай уақыт жұмсалды.

«Біз авторлар болып қазақ ұғымындағы киелі аң-құстар мен жан-жануарлардың тізімін жинақтап соларға арналған бұрынғы аңыз, қисса және ертегілер мен түрлі жинақтардың басын біріктірдік. Кітап балалардың тіліне арналып жазылған. Балаларға арналғандықтан алдағы уақытта осы кітапты мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс жасау жоспарда бар. Әзірге 3 мың данамен шықты, сұраныс болса тағы да шығаратын боламыз. Ерекше айтып кететін жайт, біз бұл туындыны табиғат жанашырлары мен қорғаушылары, киелі киіктерді қорғаймын деп жазатайым болған отандастарымыз Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың рухтарына арнап отырмыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан төртінші қала, бұған дейін жаңа туындының тұсаукесер рәсімі Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында өткен. Және алдағы уақытта басқа да қалаларда аталған кітап таныстырылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 15 қаңтарда 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев елордадағы №1 ауруханасында қайтыс болған еді.

Араға көп уақыт салмай өткен жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысында браконьерлермен күресте табиғатты қорғау инспекторы Қаныш Нұртазинов жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

«Державинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторы оқ жарақатынан көз жұмды. Екінші инспекторға сол ауруханада ота жасалып жатыр», - деп жазған болатын ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында.


















Жоғары қарай