Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қорықшыларға оқ өткізбейтін кеудешелер берілуі мүмкін

2019 жылдың 23 тамыз 2019 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қорықшы инспекторларға оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін. Қазір бұл мәселе Ішкі істер министрлігінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімет берді.

«Қазіргі таңда біздің инспекторл а рымыз қажетті қарумен қамтылған. Ал оқ өтпейтін кеудеше беру мәселесін Ішкі істер министрлігімен бірге қарап жатырмыз. Біздің инспекторларға да полиция қызметкерлері сияқты оқ өткізбейтін кеудеше киюге рұқсат ал уда мыз. Болашақта бұл нақты шешіледі. Ол үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізсек болды. Бұл жұмысты енді ғана бастадық», - деді Ерлан Нысанбаев.

Министрлік өкілі келешекте қорықшы инспекторлардың арнайы жабдықталған қызметтік көліктері де болатынын айтты.

«Инспекторлардың қазасынан кейін Бас п рокуратурамен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Праламент Мәжілісінде кеңес өткіздік. Соның нәтижесінде жедел алдын алу шараларына қатысты заңнаманы күшейту туралы тапсырма берілді. Браконьерлермен күресте қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты шаралар атқарылады. Дрондар мен кеудеге тағылатын бейнекамералар, электрошокер мен травматикалық қару, жеке қорғаныс құралдары сол шарада қарастырылған. Жол жүру ережесіне біздің инспекторлар мінетін көліктерді арнайы техника ретінде тіркеу туралы өзгерістер енгізіледі», - деді Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, Ерлан Нысанбаев брифинг барысында браконьерлер бір жарым жылда 700-ден астам киікті қырып салғанын айтқан болатын.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: ҚР АШМ,
Жоғары қарай