Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Қос қазақстандық дзюдошы Еуропа ашық кубогының жүлдегері атанды

2019 жылдың 18 мамыр 2019 22:21 1161

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қос қазақстандық дзюдошы Ресейдің Орынбор қаласында өтіп жатқан Еуропа ашық кубогының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ғұмар Қырғызбаев пен Аңсарбек Ғайнуллин жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ғ.Қырғызбаев 66 кг салмақта жұбаныш финалында әзербайжандық Нурлан Османовты таза жеңді. Жарыстың жартылай финалына дейін сүрінбеген Ғұмар содан кейін ресейлік Мұрат Шопановқа есе жіберді.

Батысқазақстандық А.Ғайнуллин 73 кг салмақта тағы бір қола жүлдені ел қоржынына салды. Ол жарыс барысында 7 кездесу өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті.

Еуропа ашық кубогы 19 мамырда мәреге жетеді.



null 

 

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай