Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қостанай әуежайында Қытайда таралған коронавирусқа байланысты оқу-жаттығу өтті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 17:03

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері әуежайдың ұшып келу залында инфекция ошағын оқшаулау және жою бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, «Нұрсұлтан – Қостанай» рейсі ұшағының бортында денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған науқас әйел ұшып келді.

Жолаушылар ұшып келу залына шыққан кезде санитарлық-карантиндік пункттің қызметкерлері байланыссыз термометрия жүргізді, нәтижесінде жолаушының дене қызуының көтерілгені анықталды. Достарына қонаққа барған әйелдің Қытайдан ұшып келе жатқаны белгілі болды.

Барлық мүдделі ведомстволарға дереу хабарланды. Науқасты арнайы капсулаға салып, одан кейін оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.

Оқу-жаттығуға Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, облыстың ТЖД, медициналық қызмет мамандары қатысты.


Жоғары қарай