Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

2019 жылдың 11 наурыз 2019 22:17

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық денсаулық сақтау басқармасында кезекті кадрлық өзгертулер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері болып Ұлықбек Асылбеков тағайындалды. Бұған дейін бас дәрігер қызметін атқарған Игорь Белобржицкий енді аурухананың хирургиялық бөлімшесін басқарады. Бүгіннен бастап қалалық балалар ауруханасы облыстық балалар ауруханасының құрамына кіреді.

Қалалық аурухана ұжымымен кездесуде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұрынғы бас дәрігер Қарлығаш Аленоваға мекеменің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол енді қаладағы үшінші емхананың басшысы орынбасары қызметіне кіріседі.

Жоғары қарай