Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қостанай облысында 26 көлік қар құрсауынан шығарылды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 18:46

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қар құрсауында қалып қойған 65 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында қалың қардың салдарынан көліктер жолда тұрып қалған. Алайда құтқарушылар дер кезінде жетіп, бірнеше көлікті қар құрсауынан алып шықты.

«Амангелді ауданынан 30 шақырым жерде, Дәмді ауылының тұсында 5 жүк көлігі мен 21 жеңіл автокөлік тұрып қалған. ТЖД жеке құрамының арнайы техникаларының көмегімен аталған көліктер қардан шығарылды. Барлығы 65 адамға көмек көрсетілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.








Жоғары қарай