Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қостанай облысында бір топ жылқыны ұрлағандар ұсталды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 05:34 577

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары мал ұрлығы бойынша бірнеше деректерді ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен үш күн ішінде өңірдегі мал мен ет өнімдерін сататын 66 орын, 209 фермерлік шаруашылық тексерілді. Сонымен қатар, ет өнімдерін тасымалдап жүрген 88 автокөлікке бақылауға алынан.

«Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 3 мал ұрлығы тіркелді. Қазіргі уақытта жануарлардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Мәселен, Арқалық қаласында шаруа қожалығының аумағынан жергілікті тұрғынның жылқысы ұрланды. Іс-шара барысында күдікті ретінде Жезқазған қаласының тұрғыны анықталды. Ұрланған жануар иесіне қайтарылды. Қостанай ауданында бөгденің ауласына кіріп, бұзауларын ұрлап кеткендер қолға түсті. Ұрылар түлік иесіне 135 мың теңге шығын келтірген. Тергеу іс-әрекеттері барысында Садчиковка ауылының 35 жастағы тұрғыны ұсталды», -делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 5 жылқыны іздеп тапты. Шығын сомасы 3 миллион теңгені құрады. Жылқылар Новоселовка ауылынан 150 шақырым жерде табылды. Алайда, қылмыстық іс ұрлық фактісінің расталмауына байланысты тоқтатылды.

«Бұл жағдай өз мүлкіне немқұрайлы қараудың үлгісі болып есептеледі. Мал ұрлығынажол бермеу үшін жануарларды қараусыз қалдырмау және қора-қопсыны арнайы құралдармен жабдықтау, ұрлық болған жағдайда дереу полицияға жүгіну ұсынылады», - дейді полицейлер.

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекске мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізу туралы бастама көтерді.

 

 

 

Жоғары қарай