Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қостанай облысында қаржы жымқырған мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 12:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі» ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сай, олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

«Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Таранов аудандық сотының үкімімен Жандыбаева Б.К. кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды; Мощенко В.А. мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасына кесілді» делінген хабарламада.

Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Жоғары қарай