Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қостанай облысында қаза болған полицейлерге құрмет тақтасы ашылды

2019 жылдың 1 тамыз 2019 19:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Федоров ауданының полиция бөлімі ғимараты алдында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері елімізде 2285 тәртіп сақшысы қызмет бабында, соның ішінде 785-і қаскөйлермен арпалыс кезінде қаза болған. Ал Қостанай облысында осы жылдары 41 полицей ел тыныштығы жолында құрбан болды. Отан үшін отқа түскен Ф.Балановский, А.Попелин, А.Туромшин, В.Привалов, Ю.Григоров, С.Хасенов, Н.Омаров, М.Досымханов, И.Курочкиндердің есімі өңіріміздің полиция шежіресінде алтын әріптермен жазулы.







«Федоров ауданы полиция бөлімінің алдында қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алуға арналған даңқ пен тағзым тақтатасы ашылды. Қаза тапқан әріптестеріміз халықтың тыныштығы жолында өмірін қиғандар. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес қолға алынған жұмыс. Біздің облысымыз бойынша тағзым тақтатасы Федоров өңірінде алғаш болып тұсауы кесілді. Бұл науқан аймағымыздың барлық аудан-қалаларында жалғасып, ескерткіштер орнатылатын болады. Тағзым ескерткіші болашақ полицейлердің ант қабылдайтын, ресми шараларды өткізетіні жер ғана емес, кейінгі толқын үлгі мен тәрбие алатын орынға айналады», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.




Шара соңында аудандық тәртіп сақшылары тас белгіге құрмет көрсетіп, жиналған жұрт гүл шоқтарын қойды.







Жоғары қарай