Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қостанай облысында мемлекеттік қызметшілердің даму картасы жасалмақ

2019 жылдың 25 қыркүйек 2019 20:33

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері алдағы мансабын жоспарлауға мүмкіндік алды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев Рудный қаласында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығының директоры Бану Нұрғазиева қатысты. Шара басталмас бұрын облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында сауалнама жүргізілген болатын. Бұл сауалнама арқылы әрбір мемлекеттік қызметкер мансабын жоспарлауға мүмкіндік алады.

«Мұндай механизмді енгізу қызметінде өсуді армандайтын мемлекеттік қызметшілерге мүмкіндік береді. Мәселен, Лисаков қаласындағы мемлекеттік органда бос орын пайда болса, оған шалғайдағы Жанкелдин ауданының қызметкері жұмысқа тұра алады. Бұл кез келген мемлекеттік органдарында жас мамандардың кәсіби дамуы мен лауазымдық жоғарылауына әсер етеді. Олар тек сауалнама толтырса болғаны», - деп түсіндірді Ерлан Салықбаев.

Аталмыш бастама аясында департаменттегілер даму картасын жасады. Даму карталары ішкі конкурстар өткізу жоспарланып отырған мемлекеттік органдардың атына жіберіледі. Тиісінше, жобаға қатысушы мемлекеттік қызметкер карта арқылы бағаланады.

Сонымен қатар, сауалнама арқылы конкурстан өткен қызметкер орган басшысымен «Онлайн әңгімелесуге» қатысады. Егер әңгімелесуден сәтті өтсе, жұмысқа қабылданады.

Ерлан Салықбаев атап өткендей, батыс елдерінде бұл әдіс мемлекеттік қызметшінің еңбегін объективті бағалаудың тетігі саналады. Ол жас мамандарға мансаптық ілгерілеуге кепілдік береді.

Жоғары қарай