Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қостанайда 20 күн бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 16:08

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 11 наурызы күні полицияға Қостанай қаласының тұрғыны Денис Чучковтың жоғалғаны туралы хабар түскен.

«30 наурыз күні іздестіру шаралары барысында Д.Чучковтың Қостанай ауданының Давыденовка ауылында жүргені анықталды. Оның мұнда жұмыс іздеп келгені белгілі болды», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бүгін ол Қостанай қаласындағы үйіне жеткізілді.

Жоғары қарай