Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қостанайда арақ ішкен екеудің отырысы қайғылы аяқталды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 21:45 804

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының Кочубей көшесіндегі үйден кісі мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көршілердің сөзінше, Кочубей көшесіндегі пәтерде 78 және 38 жастағы ер адамдар спирттік ішімдік ішкен. Соңында араларында жанжал туындайды.

«78 жастағы ер адам 38 жастағы азаматтың қолынан мерт болды. Қылмыстық іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өлімнің нақты себептері анықталуда. Күдікті азамат қамауға алынды», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Жоғары қарай