Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қостанайда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті іздестіріліп жатыр

2019 жылдың 22 қазан 2019 09:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық Полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған 30 жастағы күдіктіге іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Пермяков Иван Сергеевичті іздестіріп жатыр. Ол 1989 жылы туған, ұлты – орыс, Қазақстан азаматы, Рудный қаласында туған.

Айрықша белгілері: бойы шамамен 180 см, ірі денелі, шашы қара қоңыр түсті, бет-әлпеті сопақтау, көзі ашық қоңыр, қасы түзу, мұрны оң жаққа қисайған, тік иек, іргелес құлақ.

Күдіктінің мұрны мен иегінде тыртығы бар.

Тәртіп сақшылары Иван Пермяковқа қатысты ақпараты бар тұрғындарды мына жедел байланыс телефондарына хабарласуды сұрайды: (8-71431) 3-30-20, 3-31-27, ұялы телефон: 8-777-302-02-01, 8-775-165-62-22, 8-775-435-90-44, 8-708-338-93-55 немесе 102.

Жоғары қарай