Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қостанайда банкир тұрғындардың атынан несие алған

2019 жылдың 16 наурыз 2019 21:46

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлері азаматтарды алдап, несие алған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Лисаков қаласында болған.

«25 жастағы банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмесін жасаған. Содан соң осы құжаттар арқылы шағын несие алып отырған. Ақшаны жеке мақсаттарына жұмсады», -делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта полицияға банк қызметкерінің «құрбаны» болған 4 жәбірленуші арыз жазды. Күдікті Лисаков тұрғындарына жалпы сомасы 500 мың теңге залал келтірген.

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жоғары қарай