Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Қостанайда бір жылда 3 мың трактор шығарылады

2019 жылдың 2 наурыз 2019 22:53 905

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжарықов бастаған делегация жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сапардың мақсаты - қос өңірге инвестиция тарту, сонымен қатар Қостанай облысының ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибесін бақылау. Түркістандықтар ауылшаруашылық техникасы мен қалалық автобустарды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуді де осы сапар барысында талқылады.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев айтқандай, өңіраралық кооперация шеңберінде ынтымақтастықты жолға қою көзделген. Меймандар Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барып, өткен жылы іске қосылған өндірістер ошақтарымен танысты. Мәселен, мұнда ресейлік «Композит Групп» компаниясы Минск трактор зауытымен (Беларусь) бірігіп трактор шығару ісін қолға алды. Жоспар бойынша Қостанайда жылына 3 мыңға дейін трактор сатуға шығарылады. Кездесуде айтылғандай, ресейлік инвесторлардың трактор шығаруды Қостанай аймағында қолға алуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Қостанай - Ресей нарығына жақын жатқан агроөнеркәсібі дамыған өңір. Сондықтан өнім экспорттауға аса қолайлы. Мұның сыртында, астықты аймақта техника паркін жаңартуды қажет ететін шаруашылықтар да жетерлік.

Алдағы уақытта «Композит Групп» компаниясы Түркістан облысына «Беларусь» тракторларын жеткізуге уәде етті.

Түркістан делегациясы Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, екі тарап білім және денсаулық сақтау салалары бойынша тәжірибе алмасады. 

Жақында Қостанай облысының делегациясы Түркістанға барып, меморандумға қол қоюға келісті.

 

 

Жоғары қарай