Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 10 жасар қыз бөгде адамның үйінен табылды

2019 жылдың 11 шілде 2019 11:00

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұзынкөл ауданында жоғалып кеткен қыз бөгденің үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 шілде күні аудандық полиция бөлімшесіне 10 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Іздеу жұмыстарына еріктілер, ТЖД қызметкерлері де атсалысты.

«Пресногорьков ауылынан 100 метр аумақта 10 жасар қызды іздеу жұмыстары жүрді. Кеш уақытына таман жергілікті полиция қызметінің мамандары жоғалып кеткен қызды бөгде әйелдің үйінен тапты», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Әзірге қыздың қандай жағдайда жоғалып кеткені белгісіз. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Жоғары қарай