Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Қостанайда карантин режимін бұзғандар қашып кетпек болды

2020 жылдың 23 мамыр 2020 20:52

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Карантин режимін бақылайтын мониторинг тобы облыс орталығында бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мен әкімдік қызметкерлері жүргізген рейд барысында «Сhop Chop» көңіл көтеру орталығының жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды. Ғимарат кальян шегуге келгендерді жасырын есік арқылы кіргізіп отырған.

«Мониторинг тобының мүшелері ғимаратқа кіргенде келушілер қосымша есік арқылы қашып кетпек болған. Алайда оларды учаскелік полицей ұстады. Сондай-ақ санитарлық нормалар мен карантиннің бұзылуы «Simpl Day» дәмханасында анықталды. Мониторинг тобы аталған мекемелердің әкімшілерімен кездесіп, ескерту хабарламасын берді. Карантин бұзғандарға әкімшілік жаза қолданылып, хаттама толтырылды», - дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.

Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, көңіл көтеру орындары мен дәмхналар тек қана «шығару және жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.


Жоғары қарай