Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қостанайда қызмет бабында көз жұмған полицейлерге ескерткіш қойылды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 16:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Алтынсарин ауданында қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған қызметкерлерге ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашылу рәсіміне ішкі істер органдарының ардагерлері, полицияның жас көмекшілері, полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты. Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Ержан Самидосов ескерткіштің жас полицейлер үшін маңызды екенін атап өтті. Енді мұнда полиция мерекесі күні жас қызметкерлердің ант қабылдауы сияқты елеулі шаралар өтетін болады.

«Тәуелсіздік алған жылдары Қостанай облысының 42 полицейі қызмет бабында қаза тапты. Олардың 11-і аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде көз жұмды. Бүгінгі іс-шара – бейбіт уақытта азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін берген адамдарға құрмет көрсету. Олар әрқашан жас ұрпаққа үлгі болады», - дейді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.





Сондай-ақ, Қостанай облысы полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев та тәртіп сақшыларының рөлі туралы сөз етті. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды еске алды.








Жоғары қарай