Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қостанайлық көлік инспекциясы жүк тасымалдау талаптарын күшейтті

2019 жылдың 18 наурыз 2019 20:20 688

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қостанай облысында жүк тасымалдау талаптарын бұзған 1614 жеке және заңды тұлға анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бүгін әкімдікте өктен аппарат мәжілісінде облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасбек Арапбаевтың баяндамасы тыңдалды. Бас инспектордың айтуынша, былтыр әкімшілік құқық бұзған 1614 жеке және заңды тұлғаға  98 603 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 85656 мың теңге өндіріліп алынған. Көлік инспекциясы 2018 жылы 20 стандарт бойынша 2797 мемлекеттік қызмет көрсетті

«Инспекция көліктік бақылауды «Қарабалық» стационарлық бекеті мен 2 жылжымалы бекет арқылы жүзеге асырады. Былтыр 1455 автокөлік жүргізушісіне 93,022 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Біздің қызметкерлер асыра жүк тиегені үшін 301 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 45 млн теңгеден астам айыпұл өндірген. Мұның сыртында кен орындарына тиесілі инертті материал тасымалдайтын көліктер де шамадан асыра жүк тиеп жолға шығады. 2018 жылы осындай 47 жүк жөнелтушіге әкімшілік шара қолданылды.  Жүк тасымалдау тәртібін ретке келтіру үшін бүгінде облыс аумағындағы кен орындарына көлік салмағын өлшейтін арнайы таразылардың санын көбейту қажеттілігі туындап отыр», - дейді

Шамадан тыс жүк артушылардың қатарында ресейлік көліктер де жиілеп барады. Көлік инспекциясы былтыр осындай 27 шетелдік жүк тасымалдаушыны әкімшілік жазаға тартқан. Көктемгі қар еру, су тасу маусымында қыртысы жібіген жолдың бұзылуы оңай.  Осыған байланысты 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында тиелетін жүк салмағы бір осьті автокөліктер үшін 8 тоннаға, ал  қосарлы осьті автокөліктер үшін 13,2 тоннаға дейін кемитін болады.

Жүк тасымалдау талаптарын бақылауды автоматтандыру жұмысы біршама ілгерілеп келеді. Бүгінде Федоров елді мекені мен Әулиекөл ауылы маңындағы күре жол үстінде арнайы автоматтандырылған таразы жұмыс істейді. Жүк көліктерін автоматты түрде бақылайтын  мұндай ақылды таразылар жыл соңына дейін облыс арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар барлық бағыттағы жолдарға орнатылмақ.

 

 

Жоғары қарай