Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қостанайлық полицейлер жоғалып кеткен 80 жылқыны иесіне қайтарды

2019 жылдың 14 қазан 2019 20:17

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен үйір жылқыларды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 қыркүйек күні Ұзынкөл ауданы Михайлов ауылында 80 бас жылқы белгісіз бағытта кетіп қалған. Ұзынкөл полицейлері жоғалған табынды Ұзынкөл ауданының Куйбышев ауылдық округінің аумағынан тапқан.

Полиция қызметкерлері жылқыларды бақташысыз жайлып жүргенін байқап, иесі анықталғанға дейін сақтау шараларын қолданды. Жылқыларды іздеу үшін облысқа қарасты өзге де аудандық полиция бөлімдері қосылды.

«Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына Меңдіқара ауданының «Восток 1» кәсіпорны басшылығынан алғыс хат келіп түсті. Олар Ұзынкөл полиция бөлімінің бастығы М.Ералиевке, орынбасары К. Шабденовке, ОКП бастығы Ю. Бороздинге, жедел уәкіл Б. Курлеутовқа, Новопокров ауылдық округінің учаскелік инспекторы А. Дәулетовке алғыс айтады. Жылқы үйірі иелеріне қайтарылды»,-дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Жоғары қарай