Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қостанайлық серіктестік топырақ ылғалын сақтайтын техника құрастырады

2019 жылдың 2 мамыр 2019 18:28

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлнәр Бижанова мен Мұрат Теміржанов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Лисаков қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық қалаулары алдымен жергілікті «СпецСтальКонструкция» серіктестігінде болып, нысанның жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Айта кету керек, бұл мекеме темір бөліктерінен түрлі өнімдер шығарады. Әрі сұранысқа ие. Кәсіпорынның қуаты - 1200 тонна тенттік қаңқалық ангарлар өндіретін цех 2015 жылы жандандыру шараларынан өткен. Индустрияландыру картасына Лисаков шаһарынан енген санаулы жобаның бірі.


null

Мұнан соң депутаттар «Дон-Мар» серіктестігіне бас сұқты. Бұл - ауылшаруашылық техникасы, дестелегіштердің түр-түрін шығаратын ел бойынша жалғыз кәсіпорын.

«Уақыт өте америкалық, еуропалық техникалардың біздің даланың жағдайына аса ыңғайлы емес тұстарын байқадық. Қуатты болғанымен, астықтың сабанын шашып тастайды. Сондықтан шетелдік комбайндардың барлығы бірдей егіні мен мал шаруашылығы қатар жүретін қазақ даласына тиімді деп айтуға келмейді. Біздің «Дон Мар» зауыты шығарған дән себу кешені өте тиімділігі жағынан шетелдік техникалардан кем емес. Өйткені ол Қазақстанның қай аймағындағы егіс алқаптарында да көктемде ылғал жетіспейтінін ескере отырып жетілдірілген. Шетелден алынған дән себу кешендерінің табаны ылғалы аз топырақты одан сайын кептіріп жібереді. Ал «Дон Мар» шығарған дән себу кешені топырақтың ылғалын 20 пайыздан артық кептірмейді», - дейді кәсіпорын басшылары.

Мәжіліс депутаттары серіктестіктің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын берді. Билік тарапынан бизнес саласына көрсетіліп жатқан жәрдем мол екендігін айтты.

«Елбасының XVIII Съезде айқындап берген бастамаларын жүзеге асыру - басты мақсатымыз. Әр партиялық жоба - әлеуметтің әлеуетін әлдендіріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді депутат Гүлнәр Бижанова.


null

Жоғары қарай