Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қостанайлық жолшылар қыс маусымына дайын

2019 жылдың 27 қазан 2019 05:05

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық жол мамандары қыс маусымының дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы аумағын республикалық маңызы бар 6 тас жол басып өтеді. Оның ұзындығы – 1410 шақырым. Сала мамандарының сөзінше, осы жолдар жылдың әр мезгілінде де халыққа жайлы болуы тиіс. Алда қыс келе жатыр, сол үшін мамандар қазір қауіпсіздік шараларын жасап, техникаларын қамдауда.

«Облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды қысқы мерзімге күтіп-ұстауға 250-дей адам жұмылдырылады. Қауіпті деген санатқа кіретін өңірлер айрықша бақылауға алынды. Қазір жол бойындағы шөп, бұталарды шабу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді «Қазавтожол» облыстық филиалының директоры Андрей Горват.

Бүгінде қарды тазалауға арналған барлық техника толық дайын. Облыста қар шығаратын 75 арнайы көлік бар, оның 71-і таяуда қолданысқа беріледі. Серіктестік мамандарының айтуынша, жолда автокөлік иелері мен тұрғындардың қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз ету үшін бұл жеткілікті.

Жоғары қарай