Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қостанайлықтар коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз

2019 жылдың 18 шілде 2019 14:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысының тұрғындары коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз. Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Исенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлықтардың қарыздары жыл санап көбейіп барады.

«Тұрғындар ең көбі жылуға қарыз – 254 млн теңге. Сумен қамту бойынша 74 млн, электрге - 35 млн, газға - 23 млн теңге қарыз», - деді А.Исенбаев.

Облыстың коммуналдық кәсіпорындары жалпы сомасы 156 млн теңге болатын 3196 талап арыз берген. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 83,5 млн теңге болатын 1900 талап бойынша сот шешімдері және орындау қағаздары бар. Қазірге дейін жалпы сомасы 44,3 млн теңгені құрайтын 875 талап орындалған.

Алмат Исенбаевтың айтуынша, жыл басынан бері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ бағасын тұрғындарға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 20%, заңды тұлғаларға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 3% арзандатқан.



Автор: Жанна Мұсабаева

Жоғары қарай