Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қосылған құн салығын төлеушілер бір күннің ішінде тіркеледі

2019 жылдың 4 қазан 2019 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қосылған құн салығын төлеушілер бір күннің ішінде және тек электронды өтінім арқылы ғана тіркелетін болады. Бұл туралы бүгін заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста вице-министр «Бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын таныстырған еді.

«Осы жылдың 17 қыркүйегіндегі Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге қазан айының соңына дейін Үкіметке «Бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізу тапсырылды. Заң жобасының аясында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуына байланысты елге инвесторлар ағынын қамтамасыз ететін реформалар топтамасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Заң жобасы Қазақстан Республикасының 11 кодексіне, 43 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді және құрылымы мынадай 5 негізгі блоктан тұрады: салық органдарымен жұмысты жеңілдету, ақпараттарға жария қолжетімділікті ашу, корпоративтік басқару және акционерлермен жұмыс, процедураларды жеңілдету, бәсекеге қарсы нормаларды алып тастау және бәсекелестікті дамыту», - деді Ж.Мәдиев.

Вице-министр дерегінше, салық органдарымен жұмысты жеңілдету үшін қосылған құн салығы бойынша салық төлеуші ретінде тіркеуді бір күннің ішінде және электронды өтінім арқылы ғана жүзеге асыру қарастырылған.

Жоғары қарай