Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсарды» жеңді

2019 жылдың 21 шілде 2019 00:50 197

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 19-турындағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойын Қарағанды қаласында болды. Жергілікті «Шахтер» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 57-минутта Евгений Ткачук шебер орындады. Қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен қарғандылық футболшылар турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

Өткен турда сырт алаңда Алматының «Қайратынан» ойсырай жеңілген Қызылорданың «Қайсары» әлі ес жия қоймаған секілді. Бүгін олар өз алаңында турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе» командасына 0:1 есебімен жол берді. Кездесудегі жалғыз голды 41-минутта ақтөбелік Ардақ Сәулет соқты.

Аталмыш турдағы қалған үш ойын 21 шілдеде өткізіледі. Бұл күні «Тобыл» мен «Қайрат», «Атырау» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Жетісу» командалары кездеседі. Ал аталмыш турдағы «Ертіс» пен «Астана» арасындағы ойын 15 мамырда өткізіліп, онда елордалық клуб сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіске жетті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай