Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

ҚПЛ: «Қайсар» мен «Тобыл» жеңіске жетті

2019 жылдың 18 мамыр 2019 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 11-турындағы төрт ойынының үшеуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Бүгінгі кездесуде «Қайсар» есеп ашты. Олардың қатарынан Тигран Барсегян 10-минутта алаң иелері қақпасынан саңылау тапты. Ал 37-минутта «Оқжетпес» шабуылшысы Данило Алвес таразы басын теңестірді. Қызылордалық жартылай қорғаушы Джон Джошуа 75-минутта өз командасын алға шығарды. Осылайша «Қайсар» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бір қызығы, «Қайсар» алғашқы айналымда сырт алаңдағы кездесулерде бірде-біп ұпай жоғалқан жоқ.

Талдықорғанда «Жетісу» биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп жүрген «Ақтөбе» командасын қабылдады.

Бүгінгі кездесуде «Жетісу» алғаш болып есеп ашты. Олардың қатарынан 44-минутта Айбар Жақсылықов өз командасын алға шығарды. Ал 76-минутта ақтөбелік Абат Айымбетов гол соқты. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қостанайда «Тобыл» «Атырау» командасымен

кездесті. Бұл ойында 44-минутта алаң иелері қатарынан Максим Федин егол соқса, екінші кезеңнің 53-минутта Артурас Жулпа есепті үстемелей түсті. Қостанайлық жартылай қорғаушы Руслан Валиуллин қорытынды есепті белгіледі. Есеп 3:0. «Тобыл» жеңіске жетті.

Дәл қазір Шымкентте жергілікті «Ордабасы» «Тараз» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге «Ордабасы» 2:0 есебімен жеңіске жетіп жатыр. Ойынның 7-минутында Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашты. Ал 24-минутта Жоао Паоло есепті үстемелей түсті.

Ал 11-турдың қалған екі ойыны ертең, 19 мамырда өткізіледі. Бұл күні «Астана» мен «Шахтер», «Қайрат» пен «Ертіс» командалары кездеседі.

Жоғары қарай