Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

ҚПЛ: Марин Томасов «Ақтөбе» қақпасына төрт гол соқты

2019 жылдың 27 қазан 2019 22:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 31-туры мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер бүгін елордада өткен «Астана» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесуге көз тіккені белгілі. Бүгінде «Астана» мен «Қайрат» командалары арасында сырттай чемпиондыққа тартыс қызып тұрған жайы бар. Елордалық клуб бүгін ұпай жоғалтқан жағдайда «Қайраттың» алтын медаль алуына мүмкіндігі арта түсер еді.

«Астана» турнир кестесінде көш соңында келе жатқан команданы ірі есеппен жеңді. Бұл кездесуде елордалық жартылай қорғаушы Марин Томасов 22, 44, 48, 56 минуттарда төрт бірдей гол соғып, биылғы доп додасындағы алғашқы покерді жасады. Нәтижесінде ол биыл 19 голдың авторы атанып, сұрмергендер көшін бастады. Бұдан кейін Серікжан Мужиков 90-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Астана» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 31 ойыннан кейін 65 ұпаймен бірінші орында тұр. Олардан бір ойыны кем «Астананың» 63 ұпайы бар. Сондықтан әзірге чемпиондыққа тартыс одан әрі жалғаса түседі.

Сондай-ақ, бүгін Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен «Тараз» командалары кездесті. Кездесуде 0:0 есебі тіркелді.

Бұл турдағы қалған ойындар 25 және 26 қазан күндері өткізілді. Нәтижесінде өз алаңында «Қайсар» клубы «Атыраудан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Қайрат» «Тобылдан», «Ордабасы» «Ертістен» 2:0 есебімен тең түсті. Ал «Шахтер» мен «Оқжетпес» арасындағы кездесуде 2:2 есебі тіркелді.

Ал 30 қазанда 26 және 29-турдағы кейінге қалдырылған ойындар өткізіледі. Дәл осы күні 26-турдағы «Оқжетпес» пен «Астана» кездессе, 29-турдағы «Қайсар» мен «Тобыл», «Шахтер» мен «Атырау» клубтары шеберлік байқасады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай