Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

ҚПЛ: «Оқжетпес» пен «Жетісу» сырт алаңда жеңіске жетті

2019 жылдың 4 тамыз 2019 00:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турындағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада жергілікті «Қайсар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Қызылордалық футболшылар өз алаңында ала-құла ойнап жүр. Бұған дейін үш ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты. «Қайсар» қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Көкшетаулық шабуылшы Жасұлан Молдақараев 40-минутта кездесуде соғылған жалғыз голдың иесі атанды.

«Ақтөбе» командасы бүгін қарсыласына есе жіберді. Биылғы біріншілікте турнир кестесінде көш соңында келе жатқан команда өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен шеберлік байқасқан еді. «Жетісу» сапынан Роман Степанюк 10, Мартин Тошев 53-минутта гол соққан. Оған «Ақтөбе» ойыншысы Абат Айымбетов 94-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Осылайша «Жетісу» 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Енді 21-турдағы қалған ойындар 4 шілдеде өткізіледі. Бұл күні «Ертіс» пен «Қайрат», «Атырау» мен «Тобыл», «Шахтер» мен «Астана», «Тараз» бен «Ордабасы» командалары кездеседі.


Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай