Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

ҚПЛ: «Ордабасы» «Таразды» ойсырата жеңді

2019 жылдың 18 мамыр 2019 20:22 1011

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 11-турының алғашқы күнгі ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойындарды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Тараз» командалары арасындағы кездесу қорытындылады. Бірінші кезеңде «Ордабасы» 2:0 есебімен жбасым түсті. Ойынның  7-минутында Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашты. Ал 24-минутта Жоао Паоло есепті үстемелей түсті. Қорытынды есепті 90-минутта «Ордабасы» ойыншысы Май Махлангу белгіледі. Осылайша «Ордабасы» аталмыш қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, соңғы алты ойында «Ордабасы» екі мәрте жеңіске жетіп, төрт рет тең нәтижеге қанағат білдірген еді. Нәтижесінде турнир кестесінде олар біршама төмендеп қалды. Айта кетерлігі, шымкенттіктер соңғы екі кездесуде жеңіске жетті. Осылайша қайтадан үздік үштіктегі командаларға жақындай түсті.

Бұдан бұрын біз бүгінгі үш ойынның нәтижесін хабарлаған болатынбыз. Өз алаңында Қостанайдың «Тобылы» «Атырау» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті. Ал Талдықорғандағы «Жетісу» мен «Ақтөбе» арасындағы ойында жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп 1:1.

Ал 11-турдың қалған екі ойыны ертең, 19 мамырда өткізіледі. Бұл күні «Астана» мен «Шахтер», «Қайрат» пен «Ертіс» командалары кездеседі.

Екінші айналым ойындары 26 мамырда басталады. Бұл күні «Жетісу» мен «Қайсар», «Ақтөбе» мен «Ордабасы», «Ертіс» пен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Астана», «Тараз» бен «Тобыл», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары кездеседі. 

 

 

 

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай