Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

ҚПЛ: «Тобыл» командасының «Астанамен» ұпайы теңесті

2019 жылдың 16 маусым 2019 02:24 1183

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 14-турының алғашқы ойыны болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» командасы Қостанайдың «Тобылын» қабылдады. «Ақтөбе» биыл доп додасында сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Қазір турнир кестесінде көш соңында тұр. Ал «Тобыл» жақсы ойын өрнегімен жанкүйерлерін қуантып жүр. Турнир кестесінде екінші орында келеді.  «Ақтөбе» командасы «Тобылға» тегеурінді қарсылық көрсете білді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол 75-минутта соғылды.  «Тобыл» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша турнир кестесінде «Астана» мен «Тобыл» 32 ұпай жинап отыр. 

Аталмыш турдың қалған ойындары 16 маусымда өткізіледі. Бұл күні «Тараз» бен «Ертіс», «Оқжетпес» пен «Қайрат», «Жетісу» мен «Ордабасы», «Шахтер» мен «Атырау», «Астана» мен «Қайсар» командалары кездеседі. 

Ал бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының финалы Тараз қаласында өтуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай