Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

ҚР Бокс федерациясы биылғы жылдың үздіктерін анықтады

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Бокс федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, жылдың үздік спортшыларын және бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бокс федерациясынан мәлім еткендей, биылғы жылдың «Үздік боксшысы» атағын ерлер арасында Бекзад Нұрдәулетов жеңіп алды.

Айта кетейік, 21 жастағы маңғыстаулық боксшы биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген болатын.

Ал «Әйелдер арасындағы үздік боксшысы» атағын қарағандылық Милана Сафронова қанжығасына байлады. Ол биыл әлем және Азия чемпионаттарында жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, «Үздік жас боксшы» жүлдесін жастар арасындағы Азия чемпионы Махмұд Сабырхан иеленсе, «Жастар командасының үздік жаттықтырушысы» Махмұдтың бапкері Ілияс Оралбек болды.

«Қыздар арасындағы үздік жас боксшы» аталымында жеңіс Азия чемпионы Анель Сақышқа берілді.

«Үздік федерация» атағын Маңғыстау облысы иеленсе, «Үздік төреші» номинациясы халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ысқақовқа бұйырды.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай