Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары ұсталды

2019 жылдың 7 наурыз 2019 18:19 1196

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі -ресми өкіл Нұрділдә Ораз растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де аталған қызметкерді Батыс Қазақстанның арнаулы прокуратурасы облыстық полиция департментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ұстады. ҚР Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес аталған сотқа дейінгі тергеу ісін жариялауға болмайды», - деді Нұрділдә Ораз.

 

 

Жоғары қарай