Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

ҚР ІІМ: Мал ұрлығына қатысты екі ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті

2019 жылдың 15 қараша 2019 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Біреуі Түркістан облысында, ал екіншісі Ақмола облысында. Бұл қылмыскерлер малды ұрлайтындар, соятындар, тасымалдайтындар, сондай-ақ етті сататындар тізбегінен тұрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, қылмыстық іс сотқа жолданады. Тергеу шаралары барысында келтірілген шығын көлемі анықталады», - деді С. Мадиев Ішкі істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ұйымдасқан қылмыстық топ мал ұрлығымен ағымдағы жылы айналысқан.

«Жалпы, бүгінде Қазақстанда мал ұрлығына қатысты тұрақты қылмыстық топтар жоқ. Тиісті мәліметтер алынғаннан кейін, күдіктілерді ұстау мен тергеу амалдарын жүргізу шаралары ұйымдастырылды», - деді.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы мен бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Жоғары қарай