Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

ҚР ІІМ заңсыз митингтердің видеосын жариялады

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:18 975

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингтер ұйымдастыру әрекеттері тіркелді. Прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылықтарына ерді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді. Көлік қозғалысына тосқауыл қою әрекеті болды», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзуды алдын алу бойынша шараларды қабылдады.

«Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ. Заңсыз акцияны ұйымдастыру және қатысқаны үшін полицияға жүзден астам адам жеткізілді. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару тәркіленді. Олардың 44-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу мен айыппұл ескерілген. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар үйлеріне жіберілді», - деп атап өтілген ҚР ІІМ мәліметінде.

Сондай-ақ, Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттеріне жол бермейтіндігін, заңнамаға сәйкес азаматтар тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша шараларды қабылдайтындығын жеткізді.

Еске салсақ, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге әрекет жасалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қауіпсіздік, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай