Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті. Онда федерация төрағасының бірінші орынбасары мен орынбасары лауазымдарына жаңа үміткерлердің кандидатурасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, т өрағаның бірінші орынбасары болып Нұрмұхамбет Әбдібеков бірауыздан сайланды.

Нұрмұхамбет Қанапиұлы – мамандығы бойынша тау-кен инженері, өндірістегі кәсіподақтардың жұмысымен етене таныс. Әр жылдары Ақтөбе, Атырау кәсіпорындар ын да және мемлекеттік органдарда қызмет атқарған, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қарағанды облысының әкімі, Е сеп комитетінің төрағасы, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болған.

Ал төрағаның орынбасары болып Ержан Егембердиев сайланды. ҚР КФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық әріптестік департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Ержан Ошақбайұлы – заң ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Жоғарғы с от жанындағы Сот төрелігі академиясында, ҚР Президенті жанындағы М емлекеттік басқар у академиясында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және ҚР Әділет министрлігінде қызмет атқарған.

Жоғары қарай