Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

ҚР Қорғаныс министрі Қосшыда патриоттық сабақ өткізді

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 21:14

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елорданың іргесіндегі Қосшы ауылындағы № 2 орта мектепке барып, білім күнінен орай «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты бірінші патриоттық сабақ өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сабақ барысында Нұрлан Ермекбаев оқушыларға Қазақстанның қазіргі заманғы армиясы, оның құрылымы мен міндеттері туралы айтып берді. Оқушылар әл әскерінің техникалық жабдықталуы және 21 ғасырдың әскери қызметшілерге қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды.

«Есейгенде кейбіреулеріңіз Отан қорғаушы мамандығын таңдап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына түсулеріңіз мүмкін. Отанды қорғау әрқашан жоғары азаматтық ерлік деп саналады, – деді Нұрлан Ермекбаев.

Бүгін Қазақстанның әскери оқу орындарында да сабақ басталды. Елдегі 4 «Жас Ұлан» әскери мектебі, кадет корпусы, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери институты, Т. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті ел қорғайтын сарбаздар дайындау ісіне жаңа серпінмен кірісті.

Жоғары қарай