Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсінік берді

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде құлаған зымыран сынығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес, ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен нысандардың қирауы жағдайы тіркелмеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлінің ресми сайтындағы мәліметте.

Осы орайда ведомство тұрғындар үшін жағдай қауіпті еместігін нақтылады.

«Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады. Осы келісімге сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады», - деп атап өтілген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.






Жоғары қарай