Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

ҚР ОСК Нұрлан Әлімжановты Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 19:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Б.Әлімжановты тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Оtаn» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 019PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының мандаты «Nur Оtаn» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжановқа берілсін.

2. Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төраға Б. Имашев

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Хатшы. С. Мұстафина

Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 4 қыркүйек

№ 49/289


Жоғары қарай