Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:04

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Кездесуді ашқан Валентина Матвиенко Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының жоғары деңгейіне тоқталды.

«Сізден менің Нұрсұлтан Әбішұлына шын жүректен және ізгі тілектерімді жеткізуіңізді сұраймын. Біз жылдар бойы бір-бірімізді білеміз. Мен оның ізгі қарым-қатынасын қатты бағалаймын. Әрқашан оған үлкен құрметпен қараймын. Ол шынымен де, Қазақстанның мемлекеттілігінің жаңа парағын жазып, Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының дамуына үлкен үлес қосты», - деді ол.




Өз кезегінде Дариға Назарбаева Красноярск аймағында бөгеттің бұзылуы салдарынан адамдар көз жұмған жағдайға байланысты көңіл айтты.

Сондай-ақ Сенат спикері Валентина Матвиенконы Федерация Кеңесінің төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады. Ол сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.




«Біз парламентаралық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын әрқашан үлкен оптимизммен атап өтеміз», - деді палата басшысы.

Кездесу барысында Дариға Назарбаева бірлескен шешімді қажет ететін, соның ішінде Парламент деңгейінде талап ететін бірқатар проблеманы атады. Нақтырақ айтқанда, екі ел азаматтарының барып-келу режиміндегі теңгерімсіздіктің жалғасып жатқандығы, шекарадан өткізу пункттерін кеңейту қажеттілігі, сондай-ақ Жайық өзеніндегі экологиялық мәселелер атап өтті.

Жоғары қарай