Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне басшы тағайындалды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын», делінген құжатта.

Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев 1968 12 сәуірде дүниеге келді.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1991); М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары мектебі, философ (1994).

Еңбек жолы: «Каззапсельпроект» БЖИ корректор (1985); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде көмекші, атташе, үшінші, бірінші хатшы, кеңесші, министр кеңесшісі (1994-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004-2006); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі (2006-2008); Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 жылдан); Қазақстан Республикасының Латвия, Эстония Республикасы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2009 жылдан); Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2012-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019).


Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Тағайындау,
Жоғары қарай