Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 23 қазан 2019 16:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президені Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Басты сөздер: Тағайындау, Ақорда,
Жоғары қарай