Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі тағайындалды

2019 жылдың 29 наурыз 2019 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов 1968 жылы 24 тамызда дүниеге келген.

Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тәмамдаған, мамандығы бойынша ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі. «Клингендаел» Нидерланды халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өткен, Шетел қызметі академиясы курсын аяқтады. (Исламабад).

Дипломаттық дәрежесі - ІІ сыныпты кеңесші.

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, бірінші хатшысы, кеңесшісі, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

Жоғары қарай