Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

ҚР Президенті боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!», - деп жазады Президент twitter парақшасында.

Еске салсақ, кеше Ресейде өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов чемпион болды. Ол финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешіміне сәйкес 5:0 есебімен жеңіске жетті.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай